Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов екі жыл бұрын "CA Garden Schools" жеке компаниясының басқаруына берілген №54 мектеп-лицейдің жұмысымен танысты.
Көрсетілген мерзім ішінде инвестор жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базаны жаңартуға 100 млн теңгеден астам қаражат салды. Оpen-spase үлгісінде жұмыс істейтін co-working алаңдары, intellectum қосымша білім беру бөлмесі және лекцияға, шығармашылыққа, медиаға арналған үш бөліктен тұратын garden hub лекция бөлмелері сияқты жаңа жұмыс алаңдары ашылды. Бірінші қабаттағы директордың кабинеті мұғалімдер бөлмесі болып қайта жабдықталды.
Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер үнемі біліктілік арттыру курстарынан өтіп тұрады. Мұндағы мұғалімдер мереке күндері кезекшілік жасау сияқты басқа да өз міндеттеріне кірмейтін жұмыстармен әуреленбейді. Ал мектеп түлектері еліміз бен шет елдердегі ең үздік білім ордаларына оқуға түсті.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде, мектептегі оң өзгерістерге бизнес енгізген менеджмент жүйесінің арқасында қол жеткізілгендігін және мұндай тәжірибені басқа оқу орындарына таратудың маңыздылығын атап өтті.
"Елдегі адами капиталдың сапасы мұғалімдерге және білім беру деңгейіне байланысты. Сондықтан жүйені заңнамалық деңгейде жетілдіру үшін, партия тарапынан біз осындай білім ордаларының сәтті қадамдардын зерделеудеміз. Сонымен қатар, Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен осы мамандықтың мәртебесін көтеруге, мұғалімдерге жүктемені азайтуға және олардың міндетіне кірмейтін жұмыстарды атқаруына жол бермеуге бағытталған "Мұғалімнің мәртебесі туралы" заң жобасы жасалды. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев алдағы төрт жылда мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге көтеруді тапсырды. Nur Otan мұғалімдерге көмектесу, жағдай жасау және олардың мүдделерін қорғау үшін осы бағытта белсенді жұмыс істейді", - деді Бауыржан Байбек.