Мұғалімдерге арналған біліктілік тесті туралы: бізге арзан пиар қажет емес – Аймағамбетов

19 Сәуір 2022, 12:15
1646
Бөлісу:
Мұғалімдерге арналған біліктілік тесті туралы: бізге арзан пиар қажет емес  – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін мұғалімдер үшін біліктілік тесті алынып тастала ма?

Бұл сұраққа Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

Оның айтуынша, министрлікке түстетін ең көп ұсыныстың бірі  - біліктілік тестін алып тастау.

Жалпы, 2018 жылдан бастап аттестация рәсімі енгізілді. Осы тестілеуді алып тастаймын десек, барлығы бөркін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Бізге ең қажеті – білім беру сапасы. Ең басты мәселе балалардың жақсы білім алуы. Сондықтан біз біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін мұндай шешім қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешімдерді қабылдаймыз. Бұл өте маңызды, мен қоғам назарын осыған аударамын, - деп түсіндірді Аймағамбетов. 

 Оның айтуынша, мұғалімдерді тестілеу арқылы сынауды олардың біліктілігін жоққа шығару деп қарамау керек.

Бұл- мұғалімдердің 5 жылда бір рет өзінің құзыреттілігін дәлелдеу үшін баяғыдан келе жатқан үрдіс. Сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады. Бұл – мұғалімнің өз біліктілігіне сай үстемеақы алуы үшін тапсырылатын тест, - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Өзгелердің жаңалығы