Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мұғалімдерге жалпы 80 млн теңге сомманы құрайтын жалақы мөлшері төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
Осы жұмыс аясында Ерейментау ауданының прокуратурасымен 9 мектепте 298 мұғалімге 80 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек белгіленді. Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды, - делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.