Шымкент қаласының Білім басқармасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Басқарманың мәлімдеуінше, мерекелер қарсаңында ата-аналардан, мұғалімдерден, студенттер мен оқушылардан қандай да бір мақсатта ақша жинауға жол берілмейді. ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне сыйлық беру немесе мерекелік шараларға қаржы жинау заңсыз.
Бұл талаптар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әлеуметтік теңдікті сақтау мақсатында енгізілген. Білім басқармасы аталған шектеулердің орындалуын бақылауда ұстап, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданатынын мәлімдеді.