Мұғалімдердің жалақысын өсіруге қанша қаражат бөлінеді?

28 Мамыр 2021, 12:07
4039
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысын өсіруге қанша қаражат бөлінеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шеңберінде ұстаздарымыздың жалақысы артты. Қазіргі күні 347 мың мұғалімнің жалақысы және болашақ мұғалімдердің стипендиясы екі есеге өсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогика мамандығында оқитын студенттер ең жоғары 42 мың теңге көлемінде стипендия алады, - деді ол.

Аталған көрсеткіш 2025 жылға қарай екі есеге артады.

Оны өздеріңіз де білесіздер. Аталған заң аясында бюджеттен 5 трлн 300 млрд теңге қаражат бөлінді.Бұл мақсатта алдағы 3 жыл ішінде тағы 2 трлн теңгедей ақша бөлінеді. Мұның бәрі білім және ғылым саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан ауқымды жұмыс, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министр атап өткендей, педагогикалық мамандықтарға шекті балл ұлғайтылды. Яғни 50-ден 75-ке дейін өсті.

Бізге мектептің ең мықты түлектерінің мұғалім мамандығына келгені маңызды. Осы мамандыққа түсетін түлектердің орташа балы 60-тан 90-ға артты. Соңғы жылдары үздік түлектерді мұғалім мамандығына келуі трендке айналып келеді. Сондай-ақ ұстаздыққа келген «Алтын белгі» иегерлері саны да өсті. Былтырғы ҰБТ нәтижесінен осы көрсеткіштің екі есеге артқанын көрдік. Осы жылғы ҰБТ-да да 120-130 балл алған түлектер де педагог мамандығын таңдап отыр, - деп айтты Аймағамбетов.
Өзгелердің жаңалығы