Мұғалімдердің жалақысы тағы да өседі – Аймағамбетов

19 Тамыз 2021, 14:55
4274
Бөлісу:
Мұғалімдердің жалақысы тағы да өседі – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты. Оның айтуынша, келесі жылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақасы тағы да өсетін көрінеді.

Сонымен қатар биыл қыркүйек айынан бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгеретіндігі туралы айтқан болатынбыз.

2022 жылы қаңтар айынан бастап балабақша мен мектеп, колледж педагогтарының жалақысы тағы 25%-ға өседі,- деді Білім және ғылым министрі.

Сондай-ақ министр педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесінде өзгеріс болатындығын айтқан болатын.

Көп пікірталас, талқылаулар болды, сарапшылармен, әріптестерімізбен ұзақ талқыға салып, бір шешімге келдік. Жақында ғана министр қол қойды, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар «Алтын белгі» иегері атануға үміткерлерге талаптар әрі қарай күшейтіле түспек. Министр талаптардың өзгеруі жыл сайын сатылап кезең-кезеңмен өзгертіліп жатқанын алға тартты. Алдыңғы жылы да көтерілген мәселеге өзгеріс енгізіліпті. 

Биыл екінші кезеңнің жұмыстары атқарылуда. Министрдің түсіндіруінше, екінші кезең дегеніміз – жылдық үздік бағамен қатар, үміткерлердің 5-11 сыныптардағы барлық тоқсандық бағасы 5 болуы керек деген қағида енгізіледі.



Өзгелердің жаңалығы