Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

11 Желтоқсан 2023, 10:19
1887
Бөлісу:
Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы қаласында білім саласы қалай дамып жатыр? Қандай проблемалар бар? Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қаланың білім жүйесін дамуытудың өзекті мәселелері жайлы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балабақша, жолдама алу, тегін тамақ

Ләззат Жылқыбаева атап өткендей, Алматы қаласы Білім басқармасының бағынысында 951 мектепке дейінгі ұйым бар. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 52-ге артық. Балабақшалардың жалпы контингенті 80 мыңнан астам бала.

Қазіргі уақытта балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 74%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 94% құрайды. Балаларды балабақшаға кезекке тұру, жолдама алу, табель толтыру 100% автоматтандырылған. Бұл жұмыстар Bilimalmaty порталы арқылы жүзеге асырылады, - дейді басқарма басшысы.

Барлық 194 мектепке дейінгі ұйымда кешенді қауіпсіздік жүйесі: бейнебақылау камералары, өрт дабылы, дабыл түймесі, домофон енгізілді.

Балабақшалардағы орындардың тапшылығы мәселесін шешу және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында биыл 6 038 жаңа орын ашылады. Осы жылдың соңына дейін 2 балабақшада күрделі жөндеу аяқталады. 5 905 орындық мемлекеттік тапсырыс орнатылды, - деп айтты Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар биыл 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы 7 600 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

2 305 педагог, оның ішінде 50 меңгеруші және 50 әдіскер, 2 205 тәрбиеші, психологтер, музыка жетекшілері, дене шынықтыру және қазақ тілі оқытушылары біліктілікті арттыру курстарымен, оның ішінде Сингапурда, Ұлыбританияда шетелдік тағылымдамадан өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша ресурстық орталық ашылды.

Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

Жаңа мектеп тапшылықты жоя ма?

Оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, жаңа білім беру нысандары мен жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсарлас құрылыстар салу, жеке инвестициялар есебінен жекеменшік мектептер ашу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Осылайша биыл 5 800 орынға арналған 19 жаңа мектеп ашылды. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарланып отыр. Олардың құрылысы қаланың барлық сегіз ауданында қарастырылған. 2025 жылдың соңына дейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 24 975 орындық 32 білім беру нысанын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2 400 орындық 3 жаңа мектеп, 9 295 орындық 8 мектепке қосымша құрылыс, құрылыс компанияларымен меморандумдар аясында 11 мектеп салу және бизнес қаражаты есебінен 10 жекеменшік мектеп ашу жоспарда бар, - деп түсіндірді ол.

Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

Қауіпсіздік, сапалы тамақ: Мектептерде жағдай қалай?

Ләззат Жылқыбаева жергілікті бюджет есебінен оқушылардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар атқарылып жатқанын атап өтті

Атап айтатын болсақ, мектептердің 100%-ы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 1-4 сынып оқушыларының барлығы 100% және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 133 мыңнан астам 5-11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған, - дейді ол.

Сөзінше, қала мәслихатының шешімімен Ведомствоаралық сарапшы тобы құрылды, қазіргі уақытта барлық мектепте тамақтануды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бракераждық комиссиялардың жұмысы күшейтіліп, салауатты тамақтану жобалары енгізіліп жатыр.

2023 жылы қала әкімдігінің қолдауымен «Мектеп автобусы» жобасы жүзеге асырыла бастады. 100 мектеп автобусы сатып алынып, 30 мектептен 8 258 баланы тасымалдап отырмыз. Алдымыздағы жылы тағы 100 автобус сатып алынады және 15 360 бала тасымалдаумен қамтылады, - деп айтты басқарма басшысы.

2023 жылы 306 пәндік кабинет жаңғыртылды: 76 - химия, 82 - физика, 84 – биология, 20 – STEM, 44 – робототехника кабинеттері. 150 басшы Сингапурда, Швейцарияда, Ұлыбританияда халықаралық тағылымдамадан өтті. 1 500 педагог білім алушылардцың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырды.

Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

Үздік олимпиада командасы Алматыда

18 жыл қатарынан қаланың олимпиадалық командасы республика бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атағын растап отыр. Осы оқу жылының қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрама командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың гран-приін жеңіп алып, 45 қатысушының ішінен 31 оқушы медаль иегерлері атанды.

Сондай-ақ Алматы құрамасы 43 жүлделі орынға ие болды. Соның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша командалық есепте бірінші орын (9 алтын, 14 күміс және 20 қола медаль) жеңіп алып, «Үздік олимпиада командасы - 2023» атағына ие болғанын қуанышпен айтамын, - деді Ләззат Жылқыбаева.

Инклюзивті білім беру назарда

Барлық бала үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету бойынша үздік әлемдік тәжірибелер қолданылатын инклюзивті ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Алматы қаласында инклюзивті білім беруді іске асыратын мектептер саны жыл сайын артып келеді. Соған ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалып жатыр.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердің 600 педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 15 ұйымда 1 400 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2023 жылы 3 858 бала психологиялық-педагогикалық түзету алды. ПМПК 8 535 баланы тексерді, - деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Сондай-ақ 182 мектепте ерекше білім беру қажеттеліктері бар балалармен 270 педагог-көмекші жұмыс істейді.

Қаламызда 2 ресурстық орталық жұмыс істейді – Олар Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми – әдістемелік орталығының және №10 жалпы білім беретін мектеп базасында орналасқан.

Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылғы қаңтарда Алматы қаласы білім басқармасы, «Дара» қайырымдылық қоры, Форд және Перкинс мектебі арасында Зағип және нашар көретін балаларға арналған білім беру сапасын арттыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

198 мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті білім беру жүзеге асырылады.

Биыл наурыз айында пилоттық жобаны іске асыру аясында қалада «Ерте араласу» бағытын дамыту бойынша жұмыс басталды.

Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

Креатив оқушы мен идея

Қосымша білім беретін 104 ұйым қызмет етеді. Балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 500 орынға артып, 5 500 орынға жетті.

Қаламызда қосымша білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Атап айтатын болсам, 1 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Наурызбай ауданындағы инновациялық шығармашылық орталығының салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар Алатау ауданында оқу жылының басында қала әкімінің қатысуымен тағы бір бірегей инновациялық шығармашылық орталығы ашылды, - деп айтты Ләззат Жылқыбаева.

Бұл орталықтарда ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, медиа, музыкалық-аспаптық, спорттық, экологиялық, лингвистикалық түзету бағыттары жұмыс істейді.

Бұл орталықтардың әрқайсысына аптасына 5 000 бала бара алады. Алдағы уақытта біз бұл орталықтың мүмкіндіктерін пайдаланып, қаламыздың қосымша білім саласындағы ең үздік мамандарды барынша тартып, креативті идеялар алаңына айналдыруымыз керек. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 7 100 орындық Оқушылар сарайын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында біз Турскіб және Бостандық аудандарында 30-шы жылдары салынған оқушылардың екі үйін бұзу және олардың орнында заманауи даму және шығармашылық орталықтарын салу арқылы жаңартуды жоспарлап отырмыз, - деп айтты Білім басқармасы басшысы өз сөзінде.

Бүгінгі таңда жобалар дайын, құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылы басталады.

Сонымен қатар 3 000 орындық халықаралық стандарттарға сай келетін қосымша білім берудің тағы 3 заманауи орталығын салуды жоспарда бар. Қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамтудың өсуі 80,2%-дан 91%-ға дейін ұлғайтылады.

Мұғалім, оқушы және студент: Алматының білім саласында қандай өзгеріс бар?

Студенттер тегін оқиды

Қоғам дамуының заманауи трендтері колледждерде кадрлар даярлауға жаңа талаптар қояды. Сондықтан біз колледждердің жұмысын жаңа мамандықтарды ашуға, дуалды оқытуды енгізуге және қала кәсіпорындары үшін кадрларды мақсатты даярлауға бағыттаймыз, - дейді Ләззат Жылқыбаева.

Ол үшін қаланың білім басшылығы мынадай жоспар құрып отыр:

- Мемлекеттік тапсырысты 5 095 орынға немесе 44,6%-ға ұлғайту (2022 жылы 11 405 орын, 2023 жылы 16 500 орын).

- Жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 3 300 орынға немесе 10%-ға ұлғайды (2022 жылы - 36 478 адам, 2023 жылы – 39 618 адам).

Биыл жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, Алматы қаласы үшін жаңа кәсіптер атласын әзірленуде. Кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 500 маманды нысаналы даярлауды іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда колледж базаларында 7 құзыреттілік орталығы ашылды. 200 оқытушы және өндірістік оқыту шеберлері Халықаралық тағылымдамадан өтті. Жергілікті бюджеттен қаражаты есебінен 2735 колледж студенттерін оқытатын 159 кәсіпорынның 291 тәлімгеріне ақы төлеу жүргізіліп жатыр, - дейді ол.

Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту бойынша да бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

2023 жылы Алматы сән және дизайн, Алматы құрылыс-техникалық, Алматы сервистік қызмет көрсету колледждеріне жалпы 510 орынға жатақханалар берілді. 2024 жылы Телекоммуникация және машина жасау колледжінің ескі ғимаратын бұзу және жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр, оған қоса 300 орынға жатақхана санылады. Сонымен қатар 750 орынға арналған 3 колледж жатақханасы салынады, - дейді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Сөзінше, 2025 жылы Алатау ауданында құрылыс саласы үшін 300 төсек-орынға арналған жатақханасы бар 720 орындық колледж, IT-технологиялар саласы үшін 300 төсек-орынға арналған жатақханасы бар 700 орындық колледж салу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы