МСҚ коронавирус және пневмонияға қарсы күрес шараларына 159 млрд теңге бөлді

24 Қыркүйек 2020, 13:18
950
Бөлісу:
МСҚ коронавирус және пневмонияға қарсы күрес шараларына 159 млрд теңге бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Коронавирус инфекциясын емдеуге байланысты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттеріне өзгерістер енгізілді. COVID-19 инфекциясына шалдыққан пациенттерге және COVID-19 вирусын жұқтырды деген күдік болған жағдайда мобильді бригада мен стационарлық қызмет үйде көрсетіледі. Бұл қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық қазақстандыққа арналған. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ТМККК пакетінде «байланыста болған адамдарды, бактерия мен вирус тасымалдаушыларды және инфекциялық ауруға күдікті адамдарды оқшаулау бойынша» қызметтер көзделген. Бұл өзгерістер сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, күзде инфекцияның ықтимал екінші толқына кезінде өзекті, - деді ол.

Болат Төкежанов қазіргі таңда қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін 159 млрд-тан астам теңге қарастырылғанын жеткізді. 

Оның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге – 50,5 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыға - 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге – 4,2 млрд теңге, үйдегі стационарда қызмет көрсетуге – 0,4 млрд теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР- ға - 10 млрд теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 млрд теңге беріледі. Наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 млрд теңгені емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына төлеген. Оның ішінде 5,6 млрд теңгеге 500 мыңға жуық ПТР-тест жасалды. Инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға 31 млрд астам теңге жұмсалды, - деп нақтылады басқарма төрағасы.

Сонымен қатар құрылған мобильді бригадалар шілде айында шақырған 43 мың үйге барған. Жыл соңына дейін пациенттерге коронавирусқа қарсы шамамен 2 млн ПТР-зерттеу жүргізу, оның ішінде стационарларда 600 мыңға жуық, амбулаториялық - 1,4 млн астам тест жасау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы