Мопед жүргізушілеріне талап күшейтілмек

17 Сәуір 2024, 11:37
298
Бөлісу:
Мопед жүргізушілеріне талап күшейтілмек
Фото: - архив

Елімізде мопед жүргізушісін механикалық көлік құралдары жүргізушісімен теңестіру ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Жол жүрісі туралы” заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева заң жобасының негізгі новеллаларын таныстырды.

"Көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша" Жол жүрісі туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленді.

Заң жобасы - көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу жөніндегі жұмыстың жалғасы. Реттеу қажеттілігі жолдардағы мопедтердің көбеюімен байланысты. Бүгінгі таңда бұл көліктің ең қолжетімді түрлерінің бірі. Алайда оның санының артуы мопедтердің қатысуымен апаттарға әкеледі. Тек 2023 жылы 750 болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп, - деді Смышляева.

Заң жобаларында:

- қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу;

- мопед жүргізушісіне қойылатын талаптарды белгілеу;

- жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру;

- жол қауіпсіздігін цифрландыру бойынша нормалар ұсынылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің аясында:

- рұқсат етілген жылдамдықты әлдеқайда асырып жүретін адамдардың жауапкершілігін күшейтуді енгізу;

- мопед жүргізушісін механикалық көлік құралдары жүргізушісімен теңестіру;

- лауазымды адамның жолдарды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі артады.

Өзгелердің жаңалығы