«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті санында салық мәселесі қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қай салада болса да монополиямен күрес жүргізу керек екенін айтқан еді. Себебі белгілі тауар немесе қызмет нарығында бір ғана үлкен компанияның болуы оның сол нарықты жеке билеуінен келетін зиян шаш етектен. Монополистердің кесірінен көптеген шағын және орта деңгейдегі ойыншы нарыққа кіре алмай, кәсіпкерлердің де, тұтынушылардың да құқығы бұзылады.
Қазір елімізде Үкімет жанынан құрылған экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.
Елімізде қандай салық жеңілдігі қарастырылған? Шағын және орта бизнестен бюджетке қанша салық түседі? Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілген? Базарда, дүкенде саудагерлер не себепті электронды ақшаны қабылдағысы келмей, қолма-қол төлем сұрайды? Бұл қаншалықты дұрыс? Мұнымен қалай күресу керек? Дифференциалды салық деген не және оған қалай өту керек?
Сарапшылармен бірге осындай сұрақтардың жауабын бірге іздеп көрдік.
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен санында сот жүйесі жайлы айтылғанын еске сала кетейік.