Моңғолия премьер-министрі Қазақстанға келеді

7 Қазан 2019, 17:19
1825
Бөлісу:
Моңғолия премьер-министрі Қазақстанға келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-12 қазанда Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсуха Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Сапар барысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жоспарланған, оның барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады. Екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен білім беру, терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыстық және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек салаларында екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығаруға арналған бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылу жоспарлануда", - делінген хабарламада. 

Екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-моңғол бизнес-форумын өткізу, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен бірқатар кәсіпорындарға бару жоспарланған.

Моңғолия үкіметі басшысының ресми сапары екіжақты мемлекетаралық қатынастарды дамытудағы маңызды оқиға болмақ.



Өзгелердің жаңалығы