Моңғолияның жаңа президенті бүгін қызметіне ресми кірісті

25 Маусым 2021, 11:12
5205
Бөлісу:
Моңғолияның жаңа президенті бүгін қызметіне ресми кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлан-Батырда Моңғолияның жаңа президентінің инаугурациясы өтті. 

Жаңадан тағайындалған Ухнаагийн Хурэлсух халық алдында мемлекетке адал қызмет етуге ант беріп, мемлекеттік мөрді қабыл алды, деп жазды centralasia.media.

Бүгіннен бастап Х.Хурэлсух қызметіне ресми кірісті.

Моңғолияның президенті қызметін атқару барысында адам мен азаматтардың еркіндігі мен құқығын сыйлауға және қорғауға, Моңғолияның Коснтитуциясын сақтауға, егемендік пен тәуелсіздікті, халықтың тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант етемін, - деді елдің алтыншы президенті.

Ухнаагийн Хурэлсух ант қабылдаған Конситуцияның көшірмесі алғашқы президенттік сайлау өткен 1993 жылы жасалып, содан бері барлық мемлекет басшысының инаугурациясында қолданылады.

Ант беру рәсімінен кейін жаңа президент бұрыңғы мемлекет басшысы Баттулга Халтмаадан «Төрийн тамганы» - мемлекеттік мөрді қабыл алды.

Өзгелердің жаңалығы