Көші-қон заңын бұзған моңғолиялық азаматтар шекарадан шығарылды

9 Қазан 2019, 10:50
2646
Бөлісу:
Көші-қон заңын бұзған моңғолиялық азаматтар шекарадан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршім аудандық сотында халықтың көші-қоны туралы заңнамасының бұзылуына байланысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарланды yk-news.kz сайтында.

Сот отырысында белгілі болғандай, моңголиялық 5 азамат шілдеде туыстарының шақыруымен Қазақстан Республикасына келіп, ШҚО Глубокое ауданына тіркеуге тұрған. 

"Алайда, тамыз айының ортасынан бері олардың Күршімдегі Маралды ауылы «Қарлығаш» жерінде, яғни тіркелген жерінен алыста тұрып жатқаны белгілі болды", - делінген аудандық сот ақпаратында.

Қазір аталған азаматтар республика шекарасынан шығарылған.

Өзгелердің жаңалығы