Моңғолияда жасалған смартфон қыркүйекте сатылымға шығады

12 Қаңтар 2021, 15:19
1687
Бөлісу:
Моңғолияда жасалған смартфон қыркүйекте сатылымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның жас IT-инженерлері «ХУЛАН» деп аталатын жаңа ұялы телефон жасап, оны ұлттық брендке айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлады montsame.mn.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл смартфонда Android жүйесінің соңғы нұсқасы бар және оның тұсаукесері осы жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Сонымен қатар, оның бөлшектерінің 20 пайызы Моңғолияда өндіріледі.

«Хуланның» техникалық сипаттамалары:

Нұсқа: Ehlel_Hulan_21

Процессор: Qualcomm

Операциялық жүйе: Android 11

Жұмыс жады: 8Гбт

Кіріктірілген жад: 128 Гб-512 ГБ

Өлшемі: 142.7х65.1х7.0мм

Барлығы: 152 гр.

Желі: 5G

Батарея: Li-Po 4000 mAh

Қол жетімді түстер: қара, сұр, жасыл және көк.

Бағасы (ішкі жадқа байланысты) 699 мың тугриктен 899 мыңға дейін. Теңгеге шаққанда  шамамен 103 мыңды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы