Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Моңғолия Халық Республикасы Қазақ Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Ром Әуесханмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуде қос тарап қазақ ұлттық спортының дамуы мен екі ел арасындағы жұмыс жоспарлары жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ бас қосуда қыркүйек айында Баян-Өлгийде Аударыспақтан Азия біріншілігі өткізу жоспарын талқылады.
Айта кетейік, өткен аптада Алматыда Қазақстанның «Аудыраспақ» Федерациясы өкілдері Моңғолиядан келген делегациямен кездесіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған.
Сол кездесуде Моңғолиядағы аударыспақ спортын дамыту мәселесін талқылап, Дүниежүзілік халықаралық «Аударыспақ» федерациясын құру жөнінде тарихи шешім қабылдап, Дүниежүзілік халықаралық федерациясының президенті болып Марат Жұман сайланған болатын.