Қазір 3,4 млн халқы бар Моңғолияда жасы 100-ден асқан 131 адам тұрып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.
Елдің Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметіне сәйкес оның 114-і әйел адам екен.
100-ден асқан адамдар саны былтырғымен салыстырғанда 9 адамға қысқарған, - делінген хабарламада.
Ұзақ өмір сүрген қариялардың санағы "Цаган Сар" ұлттық мерекесіне орай жүргізілді. 2023 жылы бұл мереке 21 ақпанда аталып өтті.