Астана, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолияның сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар Астанаға келмейтін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Смадияровтың айтуынша, Моңғолия сыртқы саясат ведомство басшының неліктен келмейтіні белгісіз."Бізге Моңғолия тарапы Сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатардың бұған дейін жоспарланған сапарының кейінге ауыстырылатыны жөнінде хабарлады", - деді баспасөз қызметінің басшысы.
Еске сала кетсек, 24-25 қаңтарда Қазақстан-Моңғолия қарым-қатынасының тарихында алғаш рет Моңғолияның сыртқы істер министрі Дамдингийн Цогтбаатар Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.
Рахиля Бекназарқызы