Моңғолия президенті моңғолша-қазақша оқытатын мұғалімдер даярлауды тапсырды

1 Қыркүйек 2021, 23:13
8296
Бөлісу:
Моңғолия президенті моңғолша-қазақша оқытатын мұғалімдер даярлауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх бүгін білім саласына қатысты мамандармен кездесу барысында осындай тапсырма берді.

Бұл туралы Моңғолия президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында елдегі білім саласына қатысты мәселелер талқыланды. Осы орайда Моңғолия президенті қос тілде білім берудізаңдастыруды, Моңғол ұлттық мұғалімдер жоғары мектебінде моңғолша-қазақша, моңғолша-туваша сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерді даярлауды қолға алу мәселесін қозғады.

Сондай-ақ, жиын барысында шетелде тұратын моңғол балаларының білім алу мәселесін қадағалау да тапсырылды.

Моңғолияда мемлекет құрушы моңғол ұлтынан кейінгі екінші орында қазақ ұлты тұр. Қазіргі таңда Моңғолияда 150 мыңнан астам қандасымыз өмір сүріп жатыр. Ел бойынша 40-тан астам қазақ және аралас мектеп қазақ балаларына білім береді. Білім беру жүйесі бойынша қазақ және аралас мектептерде бастауыш сынып толықтай қазақ тілінде оқытылса, орта және жоғарғы сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен басқа сабақтардың барлығы да моңғол тілінде жүріледі.

Өзгелердің жаңалығы