Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Моңғолия Елшісі Лувсан Баттулгамен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығының жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Министрдің бірінші орынбасары екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстардың және гуманитарлық қатынастардың үдемелі дамуын атап өтті. Моңғол тарапына Қазақстанның БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Тараптар ағымдағы жылы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті және екіжақты үкіметаралық комиссия жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға келісті.
Кездесу соңында Ш.Нұрышев Моңғолия Елшісіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді атынан құрмет грамотасын табыстап, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.