Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

15 Қараша 2020, 16:54
1410
Бөлісу:
Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Бірінші турда көп дауыс алған екі кандидат мемлекет басшысы қызметіне таласып жатыр. Олдарың бірі - "Әрекет және ынтымақ" (PAS) партиясының өкілі, бұрынғы премьер Майя Санду мен тәуелсіз кандидат, қазіргі президент Игорь Додон, оны социалистер партиясы қолдайды. Бірінші турда Санду 36,16 пайыз, яғни 487 635 дауыс, Додон 32,61 пайыз – 439 866 дауыс жинаған.

3,5 миллиондай тұрғыны бар Молдова Еуропадағы ең кедей мемлекеттердің бірі саналады. Мұнда халық Ресеймен байланысты күшейтуді жақтайтындар мен Еуроодақпен ынтымақтасуды қалайтындар болып екіге жарылған.

Өзгелердің жаңалығы