Молдованың алғашқы президенті Мирча Снегур қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Интерфакс» мәлім еткендей, Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур 14 қыркүйекке қараған түні 82 жасында қайтыс болды.
Ол 1990 жылдың 3 қыркүйегінен 1997 жылдың 15 қаңтарына дейін елді басқарған.
Саясаткердің қазасы туралы ақпаратты бұрынғы вице-премьер Константин Тампиза растады. Снегур айықпас дертке шалдыққан көрінеді.
Молдованың тұңғыш президенті Кишинев орталық мазарында жұбайының қасына жерленеді.