Молдавияда полиэтилен пакеттерге тыйым салынды

6 Қаңтар 2019, 15:38
1809
Бөлісу:
Молдавияда полиэтилен пакеттерге тыйым салынды

Астана, baq.kz. Молдавия мемлекетінде полиэтилен пакеттерді пайдалануға, өндіруге және елге әкелуге тыйым салынды. 


Молдавияда полиэтилен пакеттерді саудада пайдалануға, оларды өндіруге және елге әкелуге заң бойынша тыйым салынды, деп хабарлайды «Коммерсант».


Қалың және жұқа полиэтилен пакеттер айналымнан біртіндеп шығарылмақ. Дүкендерде бұндай өнімдер қалса, олар қоймадағы қор сатылғанша ғана пайдаланылмақ.

Молдавия екі жыл ішінде полиэтилен пакеттердің барлық түрін айналымнан толығымен алып тасатуға мүдделі. Тек зауыттарда тауарларды қаптау үшін қолданылатын пластик әзірге айналымда болмақ.

Атап өтсек, қазір полиэтилен пакеттерге тыйым салу қадамдарын Қазақстан мен Өзбекстан билігі де жасап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы