Мобильді аударым: Туыс пен достарға жіберілген аударымдар тексеріле ме?

9 Қаңтар 2024, 15:50
2154
Бөлісу:
Мобильді аударым: Туыс пен достарға жіберілген аударымдар тексеріле ме?
Фото: Арман Мухатов - архив

Кәсіпкер болып тіркелмеген адамдардың мобильді аударымдары 100-ден асса тексеріледі. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы министрлігінің ұйымдастырған брифингінде журналист вице-министрге "Туыс пен достардың түрі көп, оларға жіберілген қомақты мобильді аударымдар тексерілуі мүмкін бе" деп сұрақ қойды.

Егер азамат туыстары мен достарына ақша аударатын болса, оның сомасы жағынан қандай да бір шектеу жоқ. Оларды (еск -кәсіпкер болып тіркелмеген) кәсіпкер ретінде қарамаймыз. Біз тек 100 әртүрлі адамнан алса, сол критерийлер бойынша қараймыз. Сондықтан мұндай тексеру болмайды, - деді Ержан Біржанов.

Өзгелердің жаңалығы