Мобильді төлем, салық төлеуші паспорты: Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

10 Қараша 2021, 12:23
1168
Бөлісу:
Мобильді төлем, салық төлеуші паспорты: Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Симонов Салық кодексіне енгізілген түзетулер туралы айтып берді.

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитеті 2021 жылғы 21 қазанда Парламенттің Мәжілісіне енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын мақұлдады.

Заң жобасы Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірленді, - деп атап өтті Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Симонов.

Ол заң жобасының шеңберінде қандай жаңашылдықтар енгізілгеніне тоқталды:

Біріншіден, шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде
50%-ын шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілерінің тауарлардың экспорты кезінде 80%-ға дейінгі мөлшерде ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтаруды жүргізу ұсынылады.

- Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында ең төмен жалақыны есептік көрсеткіш ретінде оны ең төмен есептік көрсеткішке (АЕК) ауыстыру жолымен пайдалануды алып тастау;

Екіншіден, бизнес пен азаматтарды қолдау мақсатында заң жобасында мыналар ұсынылады:

  • салық төлеушілерді жеке тұлғаларды алдағы төлемдер мен салықтық қарыздар туралы, оның ішінде банктердің мобильдік қосымшалары және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы хабардар ету;
  • 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жүк көтергіштігіне қарай жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша «А» санатындағы жеке көлік құралдарына салықты есептеу құқығын беру;
  • салықтарды төлеу бойынша бір жылдан астам мерзімге тек жылжымайтын мүлік кепілімен немесе банк кепілдігімен бөліп төлеу ұсынылады. Жеке тұлғаның тұрғын үйін кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізіледі.
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға ұқсас кредиттік серіктестіктерге провизиялар құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқық беру;
  • тарату салықтық тексерусіз камералдық бақылау арқылы қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырмаған ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатуды жеңілдету;
  • алкоголь өнімі бойынша акциз төлеудің екі тәсілін ұсыну:
    ЕБМ алғанға дейін немесе алкоголь өнімін тиеп жөнелткен күні,
    ЕБМ және банк кепілдігін немесе мүлік кепілін мақсатты пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған кезде;

Үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалау механизмі туралы келісімнің ережелерін ұлттық салық заңнамасына енгізу ұсынылады:

  • мобильді төлемдерді реттеу;

- екiншi деңгейдегi банктер мен төлем ұйымдарының мемлекеттiк кiрiс органдарына жеке тұлғалардың шетелдiк интернет-компаниялардың пайдасына жүзеге асырған төлемдерi мен аударымдарының сомалары туралы ақпарат беру мiндетiн қамтамасыз ету:

- салық төлеушінің паспортын енгізу.

Өзгелердің жаңалығы