Мишустин Ресейдің премьер-министрі қызметіне тағайындалатын болды

16 Қаңтар 2020, 18:39
1878
Бөлісу:
Мишустин Ресейдің премьер-министрі қызметіне тағайындалатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей мемлекеттік Думасы Михаил Мишустинді елдің премьер-министрі қызметіне тағайындауға келісім берді, деп хабарлады РИА Новости.

Мишустинді Үкімет төрағасы етіп тағайындауға арналған ашық дауыс беру барысында 383 адам дауыс берген. Оның кандидатурасына қарсы болғандар жоқ, 41 депутат ешқандай дауыс бермеген.

Айта кетейік, РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев 15 қаңтарда Ресей президентінің Федералдық жиналыста сөйлеген сөзінен кейін елдің үкіметі толық құрамда отставкаға кететінін жариялаған еді.

Путин ФСҚ басшысымен кездесу барысында оған премьер-министр болуды ұсынған, Мишустин келіскен.

Мишустин 1966 жылы 3 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. Ол 1989 жылы Мәскеу станок-аспапты институтын (қазіргі "СТАНКИН" Мәскеу мемлекеттік технологиялық университеті) "автоматтандырылған жобалау жүйесі" мамандығы бойынша, ал 1992 жылы осы институттың аспирантурасын бітірді.

Мишустин – экономика ғылымдарының докторы.

1992 жылдан 1995 жылға дейін ол Халықаралық компьютерлік клубтың сынақ зертханасын басқарды. 1995-1996 жылдары Халықаралық компьютерлік клуб бас директорының орынбасары, Халықаралық компьютерлік клуб басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

1998 жылдың тамызында Мишустин Ресейдің Мемлекеттік салық қызметі басшысының орынбасары болады.

1999-2004 жылдары - Ресей министрінің салықтар мен алымдар жөніндегі орынбасары. 

Ал 2004 жылдан 2006 жылға дейін Мишустин Жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастры Федералдық агенттігінің басшысы болды.

Өзгелердің жаңалығы