«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады

5 Қыркүйек 2023, 22:44
1657
Бөлісу:
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, ақынның қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжан Әспетова ойнады. Сериал режиссері – Мұрат Есжан.

Телехикая өткен жылы «Qazaqstan» арнасының эфирінен және YouTube желісі арқылы орыс, ағылшын тіліндегі субтитрлермен ұсынылып, үлкен аудиторияның қызығушылығына ие болды. 2023 жылғы тұңғыш «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанды.

Өзгелердің жаңалығы