Министрлік WhatsApp-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

13 Қаңтар 2020, 18:24
2401
Бөлісу:
Министрлік WhatsApp-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова 1 қаңтардан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. 

Қазір күні Whats App мессенджері арқылы денсаулық сақтауға қатысты жаңа Кодекстің қабылданғаны туралы хабар тарап жүр. Аудиофайлмен таратылған ақпаратта міндетті түрде келісімге отыру керектігі айтылған. Бұл жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Аудиофайлды тыңдасаңыз, әңгіме Ресей Федерациясы және медициналық сақтандыруға қатысты федералды заңнама туралы айтылып отырғанын түсінесіз. Біздің Заңнамаға оның түк қатысы жоқ, - деп мәлімдеді Людмила Бюрабекова.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мессенджерлер арқылы тараған бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды. Спикер бұл хабарламаларды таратқан адамдарды жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтты.
Өзгелердің жаңалығы