Қазақстанның Энергетика министрлігіне Ресей тарапынан жанармай сатып алу жөнінде ресми өтініш түспеген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресей Федерациясынан Энергетика министрлігінің атына ресми өтініш түскен жоқ. Егер мұндай өтініш келіп түссе, оны еліміздің мүддесін және өзара тиімді шарттарды ескере отырып қарайтын боламыз, – деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі елді газдандыру қарқынын күшейтіп, көгілдір отынға қолжетімді халықтың үлесін 80%-ға жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Яғни Қазақстанда газға қолжетімділік 80%-ға дейін артатыны белгілі болды.