Министрлік: Отбасының цифрлық картасы – әр отбасына берілетін электрондық жаршы

22 Қыркүйек 2022, 09:45
7713
Бөлісу:
Министрлік: Отбасының цифрлық картасы – әр отбасына берілетін электрондық жаршы

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Президент Жолдауында келесі жылдан бастап отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиян тетігін енгізу туралы айтылғаны белгілі. Бұл – атаулы әлеуметтік көмектің бір тетігіне айналады деп күтілуде. 

Жаңа «Әлеуметтік кодекс» әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын көтеру мәселесін қамтиды. Кодекстегі ең бірінші жаңалығымыз – отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер тек оның табысына қарап емес, әр отбасының және азаматтың әлеуметтік мәртебесіне қарай берілуі қажет деген норманы қарастырып отыр. Егер жұмыс істейтін азаматтың отбасында мүгедектігі бар адам болса, ол мемлекет тарапынан көмегін алуы тиіс. 1 жасқа   (келесі жылдан бастап 1,5 жасқа) толмаған баласы бар отбасыларда да ана табысына қарамастан отбасының 40%-ын табысына емес, әлеуметтік мәртебесіне байланысты алады, - деп атап өтті министр «Хабар24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында. .

Айтуынша, отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиян тетігі мәселесін Мемлекет басшысы тікелей өз бақылауында ұстап отыр.

Отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиян тетігі – бұл әрбір отбасына берілетін электрондық жаршы деп атауға болады. Бұдан былай мемлекет тарапынан берілетін кепілдендірілген көмекті алу үшін бұрынғыдай құжат жинап, әр мекеменің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. 1 қыркүйектен бастап цифрлық технологияларды қолдана отырып, жәрдемақыларды белгілеуді пилотты түрде жүргізудеміз. Небәрі 20 күннің ішінде 20 мыңға жуық азаматқа 5 түрлі жәрдемақы жөнінде SMS-хабарламалар жіберілді. Қазір 5 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалып, 9 мың адамның құжаттары қаралып жатыр, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы