Министрлік итбалықтың өлексесіне қатысты түсінік берді

18 Шілде 2021, 17:16
1404
Бөлісу:
Министрлік итбалықтың өлексесіне қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  18 шілде күні Instagram-да Ақтау қаласының маңы Каспий теңізінің жағалауында итбалықтың өлексесі табылғаны туралы ақпарат тарады.

Итбалық табылған жерге жедел түрде басқарма басшысы А. Шихметов бастаған Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы басқармасының мемлекеттік инспекторларынан құрылған топ жіберілді. 

Оқиға орнына келген кезде өлі итбалықтың денесі табылды. Құйрығы түксіз, ыдырау күйінде болды.

 Алдын-ала ақпарат бойынша, жануар бірнеше ай бұрын теңізде өлген, кейін теңіз дауылы салдарынан Ақтау қаласы маңындағы жағалауға шыққан. 

Жануардың денесінде балық аулау құралдарының ізі, тұншығу, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілері болмады.Сол себепті табиғатты қорғау полициясы мен ветеринарлық қызмет өкілдері оқиға орнына шақырылмады. Желіде тараған ақпаратта итбалықтың айналасы қан екені айтылады. Бірақ оның қан емес, күн сәулесі әсерінен жануардың денесінен ағып жатқан тері астындағы май екенін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы