Министрлік есеп берді

13 Қаңтар 2023, 10:50
1171
Бөлісу:
Министрлік есеп берді
Фото: автордан

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында Дархан Қыдырәлі есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алқа отырысы барысында министр өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеде. Министрлік Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі стратегиялық бағыттар мен тапсырмаларды орындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Министрлікке жүктелген сегіз тапсырманың бесеуі нақты орындалды. Қалғаны іске асырылуда.Былтыр біздің салада 20 ірі іс-шара болып өтті.Оның сегізі әлемдік белді сарапшылардың, халықаралық ұйым өкілдерімен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен 60-қа жуық кездесу өткізілді, – деп атап өтті ол.

Дархан Қыдырәлінің сөзінше, 2022 жылы еліміздегі саяси маңызды іс-шаралардың бірі – әлемнің елу елінен жүзден астам өкілі қатысқан әлемдік және дәстүрлі діндер көсбашыларының сьезі болып отыр. Оған Рим папасы Францисктің мемлекетімізге жасаған ресми сапары – маңызды оқиғаның бірі болды. Қазіргі таңда «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері» сьезінің 2023-33 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленуде.

Сондай-ақ ашық азаматтық қоғам құруда қоғамдық бақылау және онлайн петициялар туралы заң жобасы мжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізілмек. 

Өзгелердің жаңалығы