Министрлік: Елорданың кей бөлігінде тұрғындар суды әлі шұңқырға төгеді

4 Қараша 2022, 17:19
940
Бөлісу:
Министрлік: Елорданың кей бөлігінде тұрғындар суды әлі шұңқырға төгеді

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, халықты қаланың су ресурстарының жай-күйі мәселесі алаңдатады. 

Министрліктің атына үнемі Есіл өзеніне және оның салаларына ағынды суларды ағызу туралы шағымдар келіп түседі. Мұның екі себебі бар. Біріншісі – бұл жеке сектордың пайдаланылған суларын заңсыз ағызуы және тиісті тазартусыз жаңа жүргізілген инженерлік желілерге қосылу арқылы кәсіпорындардың суларын заңсыз ағызуы. Сарыбұлақ өзенінде, үйлері су қорғау аймағында орналасқан жеке секторда, ластаушы заттардың шоғырлануының арту деректері бар. Елорда тұрғындарының 8 пайызы әлі күнге дейін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қол жеткізбеген, шұңқырды пайдаланады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Министр екінші мәселе – нөсер кәріз жүйесінің жұмысындағы проблема екендігін айтты. 

Су ресурстарының ластануын болдырмау мақсатында әкімдік барлық абоненттерді орталықтандырылған кәрізге қосу бойынша жұмысты ұйымдастыруы, нөсер ағындарының коллекторына рұқсатсыз ағызуды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз етуі, заңсыз ағызу көздерін анықтау және инженерлік су құбыры желілерін жөндеу үшін қаланың жерасты су құбыры желілеріне зерттеу жүргізуі, және оларды «Астана Су арнасы» МКК тазарту станцияларына қосуды қамтамасыз етуі қажет. Өз кезегінде әкімдік пен біздің министрлік су айдындарын тазарту, су айдындарының жағалау аумағын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы