Министрлік атышулы «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

24 Қазан 2020, 19:21
2387
Бөлісу:
Министрлік атышулы «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсініктеме берді.

«Борат-2 фильмі - коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, жақында Лондон қаласында Саша Коэннің тағы бір мүсіні пайда болды. Онда жалаңаш жатқан актер бұтына Қазақстан туын лыпа етіп киген. 

Кеше Азамат Жолдамбаев, Мақсат Мамадияров бастаған бірнеше қазақтың намысшыл жастары «Борат-2» фильміне наразылықтарын білдіріп, Алматы жастары АҚШ-тың бас консульдығына барып, Бораттың қазақ халқынан кешірім сұрауын талап етті.

Осы жағдайлардан кейін эстрада әртістері бастаған әлеуметтік желі қолданушылары жаппай наразылық танытып, «Мен туымды мақтан етемін» атты патриоттық акцияны жүргізе бастады.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат-2» фильмінің жарыққа шығуына байланысты пікірін білдіріп, фильм оның да намысына тиетінін айтқан еді.


Өзгелердің жаңалығы