Ғылым және жоғары білім министрлігі AI-Sana инновациялық жасанды интеллект бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл бастама елдің ғылыми-технологиялық дамуына жаңа серпін бере отырып, білікті кадрларды даярлау және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. AI-Sana – бұл студенттер арасында жасанды интеллект дағдыларын жан-жақты дамытуға бағытталған бірегей пилоттық бағдарлама.
AI-Sana білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіруді қамтиды: ЖИ саласындағы іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру. Экономиканың негізгі салаларына ЖИ енгізу үшін мамандар даярлау.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары базасында DeepTech-стартаптарды құруға ықпал ететін тұрақты экожүйені құру.