Жаңа министрлер халық алдында ант берді

26 Ақпан 2019, 09:23
9755
Бөлісу:
Жаңа министрлер халық алдында ант берді
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен алғашқы Үкімет отырысы өтіп, онда жаңадан тағайындалған төрт министр ант берді.

Жаңа министрлер халық алдында ант берді

Бүгінгі жиында жаңа Білім жəне ғылым министрі Күлəш Шәмшидинова, ИИДМ министрі Роман Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Ұлттық экономика министрі Руслан Дəленов Қазақстан халқы мен президентінің алдында ант берді.

Жаңа министрлер халық алдында ант берді

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық жəне рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-əрекетімде заңдылық пен əділеттілік, азаматтық, ұлтаралық жəне конфессиялық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін, ант етемін", - деп Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді.

Жаңа министрлер халық алдында ант берді

Ант беру рəсімінен кейін Асқар Мамин жаңа министрлерге, бүкіл Үкіметтің жаңа құрамына табыс тіледі.

Жаңа министрлер халық алдында ант берді

Отырыс барысында премьер-министр Үкімет мүшелерінің барлығын таныстырған болатын.

Жаңа министрлер халық алдында ант берді

Еске сала кетсек, кеше Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-министрі етіп тағайындады және үкіметтің жаңа құрамын бекітті. 

Жаңа министрлер халық алдында ант берді


Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы