Министрлер мен әкімдер жеке жауап береді – Назарбаев

24 Сәуір 2020, 17:39
5877
Бөлісу:
Министрлер мен әкімдер жеке жауап береді – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына министрлер мен әкімдер жеке жауап беретінін айтты. Бұл туралы elbasy.kz сайтында хабарланды.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы 2020 жылғы дағдарыстан кейін елдің дамуының жаңа кезеңі дер кезінде тығырықтан шығуды ғана емес, мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болатынын айтты.
Біз бұл дағдарысты жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлер жеке жауапкершілік жүктеледі. Үкімет барлық мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Мен халықты қабылданған шараларды қолдауға, бірлікте болуға және тәртіпке шақырамын. Мұның бәрі еліміздің мүддесі үшін жасалып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 Еске салайық, бүгін Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында дағдарысқа қарсы шаралар кешенін, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі дамудың одан әрі шараларын іске асыру мәселелері қаралды.

Өзгелердің жаңалығы