Назарбаев министрлерді қатты сынға алды

30 Қаңтар 2019, 13:41
13394
Бөлісу:
Назарбаев министрлерді қатты сынға алды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жиында өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілмек.


Бұған дейін Назарбаев несие алып, оны қайтармайтын, оның үстіне субсидия алатын банкрот компаниялар проблемасын көтеріп, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа ескерту жасаған болатын. Елбасы отырыс барысында осы мәселені бірнеше рет көтерді.

 «Біз экономиканы банкроттықтан тазартпасақ, дұрыс дами алмаймыз. Үкімет те, банктер де қайта-қайта сүрінетін болады. Біз неден қорқамыз? Банкроттық институт нарықтық елдерде кең тараған. Сендер - Үкімет, министрлер емес, қорқақсыңдар. Шешім қабылдау үшін қолдарың мен тізелерің дірілдейді. Онда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Маған барлық банктерді тазалап беріңдер, сонда осы Үкімет міндеттерін адал орындады деп санаймын және осылайша отставкаға кетіңдер. Бұл нағыз жұмыс болар еді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасы үкімет отырысы басталғанда өткен жылғы жұмыс қорытындыланатынын айтқан болатын. 

«Өткен жылдағы істелген жұмыс - осы отырған бәріміздің істеген шаруамыздың нәтижесі, барлық әкімшіліктердің, министрліктердің, жалпы мемлекет қызметкерлерлерінің істеген жұмысының қорытындысы, оның ішінде мен де бармын», - деді Мемлекет басшысы.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы