Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Министрге хат" акциясы: Ғани Бейсембаев хат жазған оқушылардың бірімен кездесті

9 Тамыз 2025, 22:26
561
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Министрге хат" акциясы аясында Жамбыл облысының оқушысымен кездесті. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция аясында бір айдың ішінде министрге еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалардан 235 хат түскен. Айта кетейік, балалар министрге өз ойларын, ұсыныстарын және армандарын хат арқылы жолдаған еді. Ғани Бейсембаев бұл бастама оқушылардың пікірін тыңдап, олардың идеяларын білім беру саласында ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында оқушы өз ойларымен бөлісіп, мектептегі оқу үдерісі мен қосымша үйірмелер жайында ұсыныстарын жеткізді. Министр баланың бастамасын қолдап, барлық ұсыныстар қарастырылатынын айтты.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, акция аясында келіп түскен хаттардың барлығына дерлік жауап берілуде. Ал кейбір хат иелерімен министр өңірлерге жұмыс сапары барысында жеке кездесіп, сұқбаттасуды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы