Министр жергілікті әкімдіктерге азық-түлік бағасын қадағалауды тапсырды

15 Қараша 2022, 10:37
766
Бөлісу:
Министр жергілікті әкімдіктерге азық-түлік бағасын қадағалауды тапсырды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар шараға басымдық беруді ұсынды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға динамикасының мониторингін күшейту және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау;

Екіншіден, инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарын барлық деңгейде қолға алу;

Үшіншіден, өнеркәсіпте жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды пысықтау және әлеуетті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету;

Төртіншіден, отандық өндіріс тауарларын жеткізудің жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экспорттаушыларды қолдаудың қолжетімді шараларын ілгерілету;

Бесіншіден, бизнестің сұраныстарына уақтылы жауап беру және оның қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы