Министр жастарды жұмыспен қамтудың жолын атады

11 Қазан 2022, 11:14
959
Бөлісу:
Министр жастарды жұмыспен қамтудың жолын атады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Тамара Дүйсенова субсидия берілетін жұмыс орындары қалай іске асатынын түсіндірді, – деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық жобалардың тағы бір бағыты – субсидия берілетін жұмыс орындарын құру арқылы жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Қазір бұл бағыттағы жоспарлы көрсеткіштер орындалды. Субсидия берілетін жұмыс орындарына қамтылған 152 мыңнан астам азаматтың 41%-ы – жастар. Осы шаралардың нәтижесінде жастар нақты машықтар мен дағдыларды игеріп, әрі қарай тұрақты жұмысқа орналасатын болады,– деді ол.

Айтуынша, өңірлердің көпшілігі бұл бағдарламаларға қатысқан тұрғындарды тұрақты жұмысқа орналастырмаған.

Еліміз бойынша жоспар 34,8%-ға ғана орындалды. Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының еншісінде. Ал, ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласында (8,9%), Түркістан (13,5%) және Павлодар (25,1%) облысында. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша да ахуал дәл осындай сипатта болып отыр. Жаңа ғана айтылған 3 облыс мұнда да көштің соңында тұр,– деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы