Министр зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетуге қарсы болды

24 Қараша 2022, 13:23
1773
Бөлісу:
Министр зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетуге қарсы болды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мен зейнетақыны алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетуге қарсымын. Қазір бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Ол талқыланбайды. Менің ойымша, зейнетақы жинағының жеткілікті шегін төмендетсек, ол әлеуметтік тәуекелдерді туындатады. Себебі, ай сайынғы төлемдер өмір сүруге жетпейді. Өйткені зейнетақы аударымдар алуға рұқсат берілген бірінші толқындағы есептеулер жасалғанда қандай да бір жас ерекшелігіне қарай өмір сүруді қамтамасыз етуге болатын ай сайын зейнетақының болашақтағы ең төменгі шегі есептелген. Сондықтан зейнетақының жеткілікті шегін төмендету зейнетақы қорынан ақша алудың өуіне алып келеді, - деп атап өтті Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

 Айтуынша, зейнетақының жеткіліктілік шегін төмендету тиімсіз.

Егер жеткіліктілік шегі төмендетілсе, сәйкесінше болашақта зейнеткерлерге зейнетақы төлемдерінің жеткіліксіздік қатері қатты ұлғаяды. Бұл бюджетке қосымша жүктеме түсіріп, зейнеткерлердің жағдайын теріс әсер етеді, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, кеше Мәжілісте депутат Аманжан Жамалов Үкіметке БЖЗҚ-ның «жеткіліктілікті шегін» қайта төмендетуді ұсынған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы