Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
Онда Денсаулық сақтау саласындағы мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Онлайн-кездесуге Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан вице-министрлер Ерлан Қиясов, Ажар Ғиният және Әсем Нүсіпова, сондай-ақ ведомствоға қарасты департаменттер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Азаматтық сектор тарапынан – «Еуразиялық медициналық қауымдастық» БЗТ басқармасының төрайымы Надежда Петухова, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қоғамдық бақылау» тобының ұлттық үйлестірушісі Лима Диас, «ҚР халықаралық фармөндірушілер қауымдастығы» БЗТ президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстандық гематологтар қоғамы» РҚБ басқарма төрайымы Ирина Пивоварова және басқалар қатысты.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымның шамамен 4% немесе 234 ҮЕҰ азаматтардың денсаулығын қорғау бағытында жұмыс істейді. Азаматтық қоғам өкілдері министрліктің консультативтік-кеңесші органдарының жұмысына белсенді араласады.
Сапа жөніндегі біріккен комиссияның 57% ҮЕҰ өкілінен тұрады. ҮЕҰ диагностика мен емдеуге қатысты 300 клиникалық хаттаманың, 90 жаңа медициналық технологияның, медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша 30 стандартты қарап, мақұлдады, - деді А. Цой.
Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы Қоғамдық кеңестің қызметімен тығыз байланысты, ол негізгі бағыттар бойынша денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және азаматтық баға береді. Аталған орган 918-ден астам НҚА, оның ішінде денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаны қарады, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына атсалысты.
Азаматтық қоғам ұйымдары Формулярлық комиссияның қызметіне белсенді қатысады. Комиссия отырыстарында сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі, шекті бағаны қалыптастыру және белгілеу, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту мәселелерін реттейтін 16 НҚА қаралды.
ҮЕҰ өкілдері отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау қызметтерін сатып алу бойынша шарттар жасасу бойынша «СҚ -Фармация» ЖШС конкурстық комиссияларының құрамына енгізілді.
Басқарушылық шешімдер қабылдағанда, Министрлікке қарасты ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындардың, ғылыми-зерттеу институттарының, республикалық клиникалардың бәсекеге қабілеттілігі мен рентабельділігін арттыруға ҮЕҰ-ны бақылау және директорлар кеңесіне кіргізу арқылы қол жеткізуге болады. Бүгінгі таңда Азаматтық қоғам мүшелері ведомстволық бағынысты ұйымдардың 61% құрамында бар. ҮЕҰ АИТВ-инфекциясының эпидемиясын тежеуге, туберкулездің алдын алуға халықтың негізгі топтарында жұқтыру қаупі бар профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу арқылы айтарлықтай әсер етеді, - деді Министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтық қоғамдастық өкілдерін коронавирус инфекциясымен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, елдегі медицинаның жағдайы туралы хабардар етіп, сұрақтарға жауап берді.
А. Цой Министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды қарауға әрқашан дайын екенін жеткізді.