Министр: Цифрландыру – бүгінгі таңда ең тиімді шешім

28 Қыркүйек 2022, 16:17
977
Бөлісу:
Министр: Цифрландыру – бүгінгі таңда ең тиімді шешім

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында заманауи ақпараттық қоғам мен цифрлық экономика жағдайында кедергісіз білім алмасудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда министрлік тарапынан цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан тың жобалар туралы айтып өткім келеді. Біз жақында Coursera компаниясымен үшжақты меморандумға қол жеткізгенімізді білесіздер. Бүгін мен «Digital Bridge 2022» форумы аясында осы компанияның өкілдерімен кездестім. Біз 2023 жылдың қаңтарына жоспарланған жобаны іске қосудың егжей-тегжейін талқыладық, – деді министр.

Сондай-ақ ол келесі жылдан бастап Қазақстандық студенттер қазақ және орыс тілдеріндегі Coursera курстарын таңдауға мүмкіндік алатынын айтты.

Үш жыл ішінде кемінде 100 мың қазақстандық студент пен пайдаланушы Coursera платформасына қол жеткізеді. Біз жылдам өзгерістер мен қайта құрулар жағдайында жоғары білім беруді дамыту үшін икемді шешімдерді іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда ең оңай және тиімді шешім — бұл цифрландыру. Біздің бүгінгі жасап жатқан ісіміз – жоғары білім беру жүйесін реформалаудағы және экономикамыз үшін білікті кадрлар даярлаудағы маңызды қадам, – деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы