Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр

19 Шілде 2022, 19:25
2226
Бөлісу:
Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.  Теңіз кенішіндегі  зауыт құрылысы аяқтауына байланысты жұмысшыларды  қысқарту мәселесіне орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысына іссапармен барды. 

Бүгін біз Теңізшевройл компаниясымен және оған мердігер 259 мекеме өкілдерімен жан-жақты талқыланып, дайындалған жол картасына қол қойдық. Бұл келісім бірнеше бағытты қамтидыы. Біріншіден Теңіз кенішінде жұмыстан қысқартылатын азаматтар туралы жедел ақпараттандыру, екіншіден  жұмысшыларды жұмыстан шығармас бұрын басқа техниккалық мамандықтарға оқыту, бейімдеу. Үшіншіден,  егер жұмыстан шыққан азаматтар оқымаймыз десе, оларды э лекторндық еңбек биржасына енгізу керек.  Бұл Теңізшевройл мен мердігер компаниялардың атқаратын жұмысы деп көрсеттік. Сонымеен қатар, жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтары кен орынан босатылған жұмысшыларды үш күн ішінде тіркеп, биржада бар ваканцияларды ұсыну керек. Егер ондағы жұмыстар сәйкес келмесе,басқа салалар бойынша  оқытулары тиіс, – деді министр.

Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр

Егер кен орынан қысқартылған  жұмысшыларға уақытылы жұмыс табылмаса, мемлекеттік сақтандыру қоры тарапынан жәрдемақы төленетінін айтты. Сонымен қатар бүгінгі іссапарда жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланған. Министр Тамара Дүйсенова облыс жастарымен де кездесті. 

Елімізде жылына 300 мыңға жуық жастар еңбек нарығына келеді. Ол жыл сайын өсіп жатыр. Атырау облысында қазір 7 мың болатын болса, келер жылы бұл көрсеткіш  12 мыңға көтеріледі. Жастарға еңбек биржасы арқылы жұмысқа тіркелу түсіндірілді. Сондай-ақ, ауыл жастарына да электронды еңбек биржасы туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек, – деді  Тамара Дүйсенова. 

Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр
Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр

Сонымен қатар өңірдегі қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдармен кездесіп, бірқатар мәселелерді түртіп алғанын айтты. Бұл өзекті тақырыптарды шешу үшін  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының жұмыстарын жетілдіру керек дейді. Сөзінше мүмкіндігі шектеулі жандардан шағым көп.

Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр
Министр Тамара Дүйсенова Атырауда іссапармен жүр

Қазір ең өзекті болып тұрған әлеуметтік портал. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне қажетті заттар мен құрылғыларды таңдап алады. Алайда сөздерінше бұл порталдағы тауарлар мүлде  сапасыз. Ал бұған  кәсіпкерлер арасында конкурс ұйымдастырып, порталға енгізетін жергілікті басқарма жауапты. Осы жерде үлкен кемшілік бар екенін көріп отырмыз. Мұны қолға алатын боламыз. Сонымен қатар, мүгедектердің баспана кезегін күтіп, кезектен шығып қалуы. Осы мәселені де қараймыз, – деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы