Министр су басу қаупі бар аймақтарды атады

Кеше, 13:35
576
Бөлісу:
Министр су басу қаупі бар аймақтарды атады
Фото: BAQ.KZ архив

Қазақстанда су тасқыны қаупі жоғары маусым басталды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сенаттағы брифингте су басу қаупі ең жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап елде су тасқынын болжайтын Tasqyn жүйесі іске қосылды. Бұл жүйеден алынған ақпарат жергілікті әкімдіктерге жеткізіледі.

Қауіпті аймақтар үш санатқа бөлінген:

Қызыл аймақ (су тасқыны қаупі жоғары) – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.
Орташа қауіп аймағы – 8 өңір.
Төмен қауіп аймағы – оңтүстік аймақтар.

Министрдің айтуынша, бассейндік инспекциялар су қоймаларындағы суды қосымша босату жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар барлық облыстарда жүзеге асырылған. Тек оңтүстік аймақтардан ғана су жинау процесі жүріп жатыр.

Оңтүстік аймақтарда су вегетациялық кезеңде пайдаланылуы үшін жинақталуда. Ал батыс өңірлерде қысқа мерзімді су тасқындары болып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды су басты. Сондай-ақ, ТЖМ деректері бойынша кейбір елді мекендерде су басу фактілері тіркелді. Бұл ең алдымен бүкіл аумақтағы еріген қар суларымен байланысты. Сондай-ақ, биылғы қар мөлшері де оған әсер етті, – деді министр Нұржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, Сергеев су қоймасына (Солтүстік Қазақстан) және ШҚО мен Абай облысындағы су айдындарына келетін судың көлемі артып жатқаны байқалуда.

Өзгелердің жаңалығы