Министр «Славян базары» байқауының жеңімпазына қанша ақша бөлінгенін айтты

19 Шілде 2021, 18:17
4979
Бөлісу:
Министр «Славян базары» байқауының жеңімпазына қанша ақша бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн түрде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады. Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауында ел намысын қорғаған әншіге министрлік қолдау көрсетіпті.

Қазақстандық жас өнерпазды жеңісімен құттықтаған министр Ақтоты Райымқұлова оған жеңісі үшін алғыс айтты.

Жеңісің үшін рахмет! Жас болсаң да, өте дарындысың. Министрлік Рухияға сахналық 4 костюм, 4 әнінің аранжировкасын жасауға қол ұшын берді. Осы мақсатта 1 млн 200 мың теңге бөлінді. Рухия ел үмітін ақтады, - деді Мәдениет және спорт министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауында отандасымыз тартысты додада оқ бойы оза шауып, гран-при жүлдесін жеңіп алған болатын. Әсем әнімен Беларусь елінің аспанын әнге бөлеп, ел абыройын асқақтатқан әнші қыз байқауға тыңғылықты дайындалған. Кәсіби түрде музыкамен мектеп қабырғасынан бері айналысып келе жатқан жас әнші Жетісу өлкесінің тумасы. Талдықорған қаласындағы Өнер мектебінде вокал бойынша 7 жыл білім алған. Бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Рухия Байдүкенованың байқауға дайындық барысында қанша келі салмақ тастағанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы