Министр SCAT ұшағының неліктен апатты жағдайда қонғанын түсіндірді

6 Мамыр 2019, 11:35
1670
Бөлісу:
Министр SCAT ұшағының неліктен апатты жағдайда қонғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 мамырда SCAT әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонған болатын. Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр осыған қатысты пікір білдірді. 

«SCAT әуе компаниясының ұшағының апатты жағдайда қонуына өзіндік себеп бар. Яғни әуе кемесінің жоғары эшелонындағы салонда саңылау пайда болған. Мұндай оқиға бәрімізді де алаңдатады. Әйтеуір, экпиаж мүшелері өздерінің кәсіби біліктерінің арқасында әрекет етіп, ұшақты қалыпты режимде қондырып алды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты қорытындысын текскеру біткен соң хабарлайтын боламыз», - деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, сол әуе кемесінде болған екінші ұшқыш қазіргі кезде ауруханада жатыр екен. Есінен танып, ауруханаға жеткізілген ұшқыштың жағдайы бұл күнде жақсы көрінеді.

Айта кетейік, 3 мамырда Scat әуе компаниясының ұшағы елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайына апатты жағдайда қонған еді. Бұл уақытта бортта экипаждың бес мүшесі және 42 жолаушы болған.

Өзгелердің жаңалығы