Министр «Самұрық-Қазына» қорында өзгерістер болатынын айтты

28 Қыркүйек 2022, 11:06
706
Бөлісу:
Министр «Самұрық-Қазына» қорында өзгерістер болатынын айтты

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеті енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында және 21 қаңтардағы ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша берген заңнамалық тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жоспар-кестеде көзделген түзетулердің 
5 блогы енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер бір көзден мемлекеттік сатып алудың негіздерін қысқартуды көздейді. Мәселен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттік материалдық резервке тауарларды, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды бір көзден сатып алу құқығы алынып тасталады, - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің атап өтуінше, заң жобасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісу міндеттілігі, Қордың холдингішілік кооперациясы аясында сатып алу тәсілін алып тастау нормасы көзделген.

Бұдан басқа, заң жобасында Қордың жалғыз акционерінің Директорлар кеңесінің құрамын айқындауы бойынша және Қор қызметіне ашықтықты енгізуге бағытталған түзетулер қарастырылған.Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Реформаның негізгі мақсаты – өңірлердің қаржылық дербестігін күшейт, салық түсімдерінің кейбір түрлерін, олардың тұрақтылығы мен жинақталу қағидаттарын ескере отырып, жергілікті деңгейге беру ұсынылады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы