Министр Қытайдан әкелінетін тауарға қатысты ақпаратқа қалай қол жеткізуге болатынын айтты

20 Маусым 2023, 15:37
787
Бөлісу:
Министр Қытайдан әкелінетін тауарға қатысты ақпаратқа қалай қол жеткізуге болатынын айтты
Фото: gov.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, экспорттық декларациялармен онлайн-алмасу жүргізілуде.

Бұл Қытай Халық Республикасынан келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. 2022 жылдың басында Президент кеден саласын тәртіпке келтіруге қатысты тапсырма берген болатын. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол еліміздегі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.

Бұл ретте тек соңғы 4 жылда бюджетке қосымша 3 трлн теңгеден аса қаражат түсті, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы