Министр: Құрылыс мерзімін соза берсеңіздер айыппұл саламыз

18 Қыркүйек 2023, 09:36
810
Бөлісу:
Министр: Құрылыс мерзімін соза берсеңіздер айыппұл саламыз
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрі Алматы мен Астана арасын жалғайтын автожолдағы қайта жаңарту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жексенбіде Көлік министрі Марат Қарабаев Құрты ауылынан Астана қаласына дейін«Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызыбар жолды автокөлікпен жүріп өтті

Жұмыс сапары барысында Марат Қарабаев «Құрты-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» учаскелерін қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексеріп, құрылыс мердігерлерімен жиындар өткізді.

Министр қасына Көлік комитетінің басшысы Т.Абдуллин және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Қасымбаевты ертіп, «Құрты-Бурылбайтал» учаскесіндегі жұмыстардың барысымен танысты. 2017 жылы басталған жобаны Todini Construzioni Generali, СП «СинеМидасСтрой», «Синохайдро» и KLV Inşaat Anonim Şirket компаниялары жүзеге асыруда. «Құрты-Бурылбайтал» жобасының жалпы ұзындығы 228 км құрайды. Жаңа асфальт бойынша қозғалыс 192 км ашық, ал жылдың соңына дейін І-Б санатты жол сегментінің бүкіл ұзындығы бойынша көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарлануда.

​Бұдан әрі министр «Балқаш-Бурылбайтал» учаскесін қайта жаңарту барысын қадағалды. Жоба«Синохайдро», СП «Колин»/«СинеМидасСтрой», «Тодини», «СМС», «КФАО «Синохайдро» и «Синохайдро» Бюро 16» арасында 6 жергілікті учаскілерге бөлінген. Учаскенің жалпы ұзындығы - 288 шақырым. Оның ішінде I-Б санатты жолдың179 шақырымында қозғалыс ашық. Жоба бойынша жұмыстар 2019 жылы басталған, алайда бұрынғы мердігерлермен жасалған келісімшарттар 2019 және 2020 жылдары дұрыс жұмыс істемеуіне және келісімшарт талаптарының орындалмауына байланысты тоқтатылды.

​Сондай-ақ Марат Кәрімжанұлы «Қарағанды-Балқаш» жолының учаскесін тексерді. Онда CITIC Construction Co. және «СинеМидасСтрой» СП компаниялары басталған жұмыстарды аяқтап жатыр. Қозғалыс 4 жолақты жолдың 363 шақырымының 313-інде ашық.

​Айта кетерлігі, құрылыс нысандарына барғанкезде Марат Қарабаев мердігер ұйымдармен кеңесөткізді. Оларға шарттық міндеттемелерді сапалыорындау тапсырылды.

Егер көрсетілген мерзімдерден артта қалған жобаларыңыз болса, бұл туралы бірден айтыңыздар. Біз де, жолда жүретін жолаушылар да шындықты білуі керек. Алайда, бұл себеп-салдарын түсіндірдік деп, ары қарай жайбарақат жүру білдірмейді. Егер сіздер құрылыс мерзімдерін соза берсеңіздер, біз заң аясында тиісті шаралар қолданамыз, тіпті шартта көрсетілгендей айыппұл саламыз. Бәріне дайын болыңыздар, - деді Марат Қарабаев жол бойында өткізілген жұмыс жиналыстарының бірінде.

Өзгелердің жаңалығы